«Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 маусымдағы № 575 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға |
Нокин Серік Кеңесұлы | - | Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Байсүгірова Мира Сәрсенбіқызы | - | Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменті директорының орынбасары, хатшы |
Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы | - | Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Алпысбаев Аманжол Әлиханұлы | - | Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |