«Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 33 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 627 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 33 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 22, 316-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
«1. Жалпы ережелер» деген бөлімде:
2-тармақта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) байланыста болған адам - инфекция қоздырғышының көзімен байланыста болатын және (немесе) байланыста болған адам;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру - белгілі бір аумақтағы, халықтың жекелеген топтары арасындағы эпидемиологиялық жағдайға негізделген инфекциялық немесе паразиттік аурулар туралы алынған ақпараттың негізінде және инфекциялық немесе паразиттік аурулардың жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде (жұқтыру тәуекелі факторларын, берілу жолдарын анықтау және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу үшін) тексеру;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: