Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 22 мамырдағы № 303 бұйрығы
(2014.11.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 724 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне, 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің 2013 жылғы 8 мамырдағы № 1 хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық, коммуналдық және өзге де шығыстарға тарифтерді, түзету коэффициенттерін, шығын көлемі және стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке арналған медициналық қызметтердің құнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 11 бұйрығында:
6-қосымшада:
Хирургиялық бейіндегі клиникалық-шығындық топтардың тізбесінде:
1693, 1694, 1819, 2138-жолдар алынып тасталсын;
| « | 745 | 539 | 4,5953 | 4,5953 | 39.793 | Тамырлардың эндоваскулярлық баллонық ангиопластикасы | » |
деген жолдан кейін мынадай жолмен толықтырылсын:
| « | 745-1 | 539 | 4,5953 | 4,5953 | 37.34 | Катетерді пайдалана отырып жүректің зақымданған бөлігін немесе тінін алып тастау | » |