«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1539 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 213-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау» деген 2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларындағы (аясындағы) даму үрдістерін талдау
1-стратегиялық бағыт. Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1. Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
Сала инфрақұрылымының жай-күйі. Қазақстандағы мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінің жүйесінде 38 республикалық (10 театр, 7 концерттік ұйым, 3 кітапхана, 5 мұражай, 9 тарихи-мәдени қорық-мұражай, 1 кинокомпания, 3 өзге ұйым) және 8 мыңнан астам облыстық мәдениет ұйымдары (219 мұражай, 4 149 кітапхана, 2 960 клуб, 53 театр, 41 концерттік ұйым, 21 кинотеатр, 152 киноқондырғы, 6 хайуанаттар бағы, 5 цирк, 55 мәдениет және демалыс саябағы) қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша соңғы оң жылда мұражайлар мен кинотеатрлар (кинозалдардың) саны 45 %-ға, ал театрлар мен кітапханалардың саны 20 %-ға ұлғайған.