Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 184 «2014-2016 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 219 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 - IV Бюджеттік Кодексінің 106 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 184 «2014 - 2016 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3736 санымен тіркелген, 2014 жылғы 21 қаңтардағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» № 8-9 газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақтағы:
1) тармақшадағы:
кірістер: «36 671 300» сандары «38 922 150» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
трансферттер түсімдері бойынша «15 840 157» сандары «18 091 007» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
шығындар: «41 460 365,3» сандары «43 575 375,3» сандарымен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы
қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо «200 000» сандары «669 140» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу «200 000» сандары «669 140» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
бюджет тапшылығы (профициті) - «- 5 011 289,3» сандары «-5 344 589,3» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) «5 011 289,3» сандары «5 344 589,3» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
қарыздар түсімі «3 497 298» санын «3 830 598» сандарымен ауыстырылсын.
2) келесі мазмұндағы 6-1 тармақшасымен толықтырылсын: