Введите номер документа
Прайс-лист

«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 221 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 3 апреля 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 15 сентября 2015

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 666 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация министрі

міндетін атқарушысының

2014 жылғы 3 сәуірдегі

№ 221 бұйрығына

3-қосымша

 

 

«Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңы 16 және 39-баптарының негізінде, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сауда мақсатында теңізде жүзу, ұйымдарды және сынақ зертханаларын техникалық куәландыру саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген «Теңіз кемелерін бербоут-чартер тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің аумақтық бөлiмшесi болып табылатын Порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысын беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысын беру www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» порталы арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қорытындысы:

1) қағаз түрінде бербоут - чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік);

2) Стандарттың 12-тармағына сәйкес электронды құжат немесе қағаз түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами