Жамбыл облысы әкімдігінің
2014 жылғы 14 сәуірдегі
№ 116 қаулысымен бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 370 Қаулысымен күші жойылды
«Туберкулез диспансерінен анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 қаулысымен бекітілген «Туберкулез диспансерінен анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Жамбыл облысының медициналық ұйымдары (аумақтық туберкулезге қарсы диспансерлер, ауруханалар, туберкулезге қарсы кабинеттер) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға Стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі туберкулез диспансерінен анықтама беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық
бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті
берушінің іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі - өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері отыз минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарының толықтығы мен дұрыстығын тексеріп, идентификация жүргізіп, «Туберкулез науқастарының Ұлттық Регистры» базасында бар/жоқтығын тексереді. Нәтиже теріс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері жазылған анықтама қағазын беріледі;