«Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 255/36-V шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешімімен күші жойылды
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы № 28/6-ІІІ «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2004 жылғы 5 мамырда 326 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 15 мамырда № 62-63 «Астана хабары», 2004 жылғы 22 мамырда № 63-64 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: