Мұнай және газ саласының техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 70 Бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 704 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Техникалық резеңке өндірісі» кәсіптік стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Шиналарды өндіру және вулканизация процесі» кәсіптік стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Полимерлік өндіріс технологиясы» кәсіптік стандарты;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Мұнай және газды өңдеу технологиясы» кәсіптік стандарты;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Экологиялық қондырғыларды пайдалану және оларға қызмет көрсету» кәсіптік стандарты;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау (құрлықта)» кәсіптік стандарты;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай сақтау қоймаларын тұрғызу және оларды пайдалану» кәсіптік стандарты;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Компрессорлық станциялар мен жерасты құбырларының электр жүйелерін жөндеу және қызмет көрсету» кәсіптік стандарты;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Технологиялық жабдықты және құбырларды құрастыру» кәсіптік стандарты;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» кәсіптік стандарты;