«Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 599 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 109 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 438-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 16 шілдедегі № 356 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6386 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 25 тамызда № 224 (26285) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімін жүргізу ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зияткерлік меншік объектілері Кодексінің 439-бабымен бекітілген шарттар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) шешім қабылдағаннан кейін ЗМО кедендік тізілімге енгізуге жатады.»;
4-тармақта:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«тауардың атауы, қорғау құжатына сәйкес, тауарлардың және қызметтердің халықаралық сыныптамасы бойынша тауарлардың классы, Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша бірінші алты таңба деңгейіндегі тауарлар коды;»;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитеттің аумақтық органдарына зияткерлік меншік объектісінің ЗМО кедендік тізіліміне енгізілгені туралы хаттың нөмірі мен күні;»;