Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2026 жылғы 8 қазандағы
№ 355 бұйрығына 1 - қосымша
«Питомниктердің қызметі»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы: «Питомниктердің қызметі» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген.
Кәсіптік стандарт жұмыскерлердің кәсіптік қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруы, оның ішінде белгілі бір еңбек функцияларын орындауы үшін қажетті, сондай-ақ жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын әзірлеуде біліктілік деңгейлерін айқындауға арналған.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) көшет - вегетативтік көбейтудің тәсілдерінің бірімен алынған және отырғызу материалы ретінде пайдалануға арналған өсімдік;
2) жеміс немесе орман питомнигінде тұқымнан өсірілген 1-2 жылдық өсімдік;
3) жеміс питомнигі - жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалы өсірілетін жер учаскесі;
4) аналық екпелер бөлімшесі - питомниктің бөлімшесі;
5) көбейту бөлімшесі - егіс және пікіровка учаскелерін қамтитын жеміс питомнигінің бөлімшесі;
6) қалыптастыру бөлімшесі - өз тамырындағы және телінген отырғызу материалын өсіретін жеміс питомнигінің бөлімшесі;
7) питомник шаруашылығы - питомниктерде жеміс дақылдарының отырғызу материалын өсіру;
8) питомник - ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіруге, көбейтуге және зерттеуге арналған тәжірибелік немесе ғылыми-зерттеу мекемесіндегі жер учаскесі;
9) информалды білім беру - білім беру ұйымдарынан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқу нәтижелерін растайтын құжат бермейтін білім беру түрі;
10) формалды емес білім беру - оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарланған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі;