«Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 тамыздағы № 53 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 19714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
каулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді және электрондық тәсілмен (Интернет арқылы) микрокредиттер беру тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) кредиттік желі беру (ашу) туралы келісім - кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімнің ажырамас (ажырамас) бөлігі (бөліктері) болып табылатын шартта (шарттарда) микрокредит алу сомасын және уақытын, алайда микрокредиттер беру қағидаларында және кредиттік желі беру (ашу) туралы келісімде айқындалған сома және уақыт шегінде клиенттің өзі айқындауға мүмкіндік беретін талаптарда жасалған микрокредит беру туралы шарт;»;
8-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: