«Қазақстан Республикасында патологиялық - анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 115 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21790 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 131-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандартында:
жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 14 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-259/2020 бұйрығымен
бекітілген»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасында патологиялық-анатомиялық диагностика көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 131-бабының 7-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және құрылымдық бөлімшелердің деңгейінде патологиялық-анатомиялық диагностиканы ұйымдастыру процесіне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.»;
2-тармақта:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: