«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 20 шілдедегі № 513 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21646 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарда:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құқық қорғау органдарындағы қызметке (оқуға) кандидаттардың, қызметкерлердің денсаулық және даму жағдайы көрсеткіштері (өлшемшарттары) бойынша талаптар, жарамдылық санаттары осы Денсаулық жағдайына талаптарға қосымшаға сәйкес жазылған.
Құқық қорғау органдары бөліністерінің, лауазымдарының атаулары және қызмет түрлері осы Денсаулық жағдайына талаптардың мынадай бағандары бойынша бөлінеді:
1) I баған:
қызметкерлері:
арнайы бөліністердің («Сұңқар», «Арлан» жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (бұдан әрі - ЖҚАЖ));
полицияның патрульдік қызметінің саптық бөліністерінің;
жедел автокөліктің жүргізушілері;
ішкі істер органдарының жедел қызмет бөліністерінің (ашық ауада қызмет атқаратын);