Ақмола облысы әкімдігінің 2016.14.01. № А-1/7 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 маусымдағы
№ А-7/298 қаулысымен
бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № А-2/81 Қаулысымен күші жойылды
«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.14.01. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелері
1. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының білім бөлімдерімен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдіру кезінде - баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт (бұдан әрі - шарт) немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында (бұдан-әрі Стандарт) көрсетілген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда - баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы шарт жасау туралы хабарлама (бұдан әрі - шарт жасау туралы хабарлама) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.