ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ережеде:
14-тармақта:
1) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«заңдардың қолданылуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасын, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелерде, сондай-ақ Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада қамтылған мәліметтерді пайдаланып талдау;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«халықаралық шарттар жасасу, қылмыстық-құқықтық саладағы, инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі және активтерді қайтару саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын келісу;»;
сегізінші және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеру, активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл жасау және оларды қайтару үшін ақпаратқа мониторинг пен талдауды жүргізу;
Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын, сондай-ақ Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен прокуратура актілерін енгізу;»;
он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: