«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 18 шілдедегі № 489 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелді) мынадай өзгеріс мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:
159-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«155-9. «Толық бітіріп берілетін құрылыс» бойынша тендер тәсілімен сатып алу сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы заңнамаға сәйкес әзірленген конструктивтік элементтердің сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері бойынша айқындалған техникалық-экономикалық негіздеме немесе құрылыстың есептік сметалық құны немесе өндірістік объектінің қуат бірлігінің инвестициялық құнының көрсеткіштері негізінде техникалық жағынан күрделі ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің жобаларын іске асыру кезінде жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 287-тармақ 38-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«38-1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қарарына сәйкес жалғыз акционердің шешімі негізінде жол қызметін жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
мынадай мазмұндағы 294-1, 294-2 және 294-3-тармақтармен толықтырылсын: