Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 230 «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 7 маусымдағы № 106 Қаулысы
Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 230 «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мекемесі туралы Ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшаларымен толықтырылсын:
«4-1) коммуналдық меншіктегі әуеайлақтарды (әуежайларды) пайдалануды және күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4-2) жол органымен келісу бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнату;
4-3) автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмысын ұйымдастыру қағидаларында айқындалған тәртіппен жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде автоматтандырылған өлшеу станцияларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
4-4) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы теміржол қатынастары бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін белгілеу»;
16-тармақтың 38) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын: