Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 61 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен күші жойылды
«Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен
айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайда - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
аттестаттаудан өту не өтпеу туралы комиссия шешімі шығарылған кезде - аттестаттау өткізілгеннен кейінгі күннен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексеруге міндетті.
Құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген не құжаттар топтамасы толық берiлмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесiне келiп түскен өтініш ұсынылған құжаттармен қоса түскен күнiнен бастап екі жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, қайтару себебi туралы жазбаша хабарламамен бiрге үмiткерге қаралмай қайтарылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.