Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 10 шілдедегі
№ А-7/328 қаулысымен
бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/22 Қаулысымен күші жойылды
«Туберкулез қарсы ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - мемлекеттік қызметті ұсынуды тіркеу журналында анықтама тіркеумен, фтизиатр дәрігер қол қойған, жеке дәрігерлік мөрмен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен расталған туберкулезге қарсы ұйымынан анықтама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген, «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы: