Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК АҒЫН СУЛАРДЫ ...

Информация о документе
Датапятница, 30 декабря 2016
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 30 декабря 2016

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2016 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 580 бұйрығына

7-қосымша

 

Осы редакция 2025 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жылу электр станцияларының өндірістік ағын суларды тазарту қондырғыларын іске қосу және ретке келтіру жөніндегі әдістемелік

нұсқаулар

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жылу электр станцияларының өндірістік ағын суларды тазарту қондырғыларын іске қосу және ретке келтіру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар (бұдан әрі - Әдістемелік нұсқаулар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленген және өндірістік процестерде және іске қосу-ретке келтіру жұмыстары кезінде пайда болатын ағын суларды өңдеу және тазарту жөніндегі тазартқыш құрылыстарға қолданылады.

2. Әдістемелік нұсқаулар жылу электр станцияларының (бұдан әрі - ЖЭС) және ЖЭС өндірістік ағын суларды тазарту қондырғыларын іске қосумен және ретке келтірумен айналысатын мамандандырылған іске қосу-ретке келтіру ұйымдарының инженерлік-техникалық персоналына арналған.

3. Осы Әдістемелік нұсқауларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылды:

1) өнеркәсіптік ағын сулар - өнеркәсіптік кәсіпорындар аумақтарынан кәріз жүйесі немесе өздігінен ағызу арқылы су қоймаларына бұрылатын, қасиеттері бұзылған сулар;

2) сіңіргіш материалдар - сұйықтықта ерітілген заттарды сіңіре алатын материалдар;

3) сүзгілеу - әртекті жүйелерді дисперсиялық ортаны өткізетін және дисперсиялық қатты фазаны ұстап қалатын кеуекті материалдардың көмегімен бөлу процесі;

4) тегеурінді құбыржол - тасымалданатын ортадағы 0,1 мега Паскальдан (бұдан әрі - МПа) артық ішкі абсолюттік қысымдағы газ тәріздестерді, сұйықтықтар мен газды тасымалдауға арналған құрылыстар кешені.

Осы Әдістемелік нұсқауларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами