Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 3 шілдедегі № 85-VI Конституциялық Заңы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 3 июля 2017
Статус
Действующийвведен в действие с 25 июля 2017
Дата последнего измененияпонедельник, 3 июля 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына мемлекеттік

 билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 4, 44-құжат; 1999 ж., № 10, 344-құжат; 2004 ж., № 22, 129-құжат; 2007 ж., № 12, 84-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 93-құжат):

9-бапта:

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;»;

мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«5-1) Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды;

5-2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындайды;

5-3) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды;».

2. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 23, 410-құжат; 2006 ж., № 23, 136-құжат; 2008 ж., № 20, 77-құжат; 2010 ж., № 24, 147-құжат; 2012 ж., № 5, 38-құжат; 2014 ж., № 16, 89-құжат; № 21, 119-құжат; 2015 ж., № 14, 75, 76-құжаттар; №24, 174-құжат; 2017 ж., № 6, 10-құжат):

27-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Судьяға Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі белгiлеген тәртiппен куәлiк берiледi.».

2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

           Президенті

   

      Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2017 жылғы шілденің 3-і.

                 № 85-VI

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами