«Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 543 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 15 қыркүйектегі № 624 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 11 тамыздағы № 543 бұйрығына мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
бұйрықтың преамбуласы келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 676 ҚБП қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Инфрақұрылымдық даму қорын қаржыландыру, оның қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларында:
2 және 3-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Инфрақұрылымдық даму қоры (бұдан әрі - Қор) - ақшаны есепке жатқызу және жұмсау үшін Қаулыға сәйкес мемлекеттік қазынашылықта ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;
2) жобалардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 13 тамыздағы № 129 бұйрығымен бекітілген Қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу қағидаларына (бұдан әрі - № 129 Қағидалары) сай келетін және Қор қаражаты есебінен әрі қарай қаржыландыру үшін Республикалық бюджет комиссиясымен (бұдан әрі - РБК) мақұлданған жобалардың тізімі;