Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/6-VI шешімі
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22/3-VIII шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-195 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу қағидасында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1 тармақтың соңғы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: