«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 603/НҚ бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 368/НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік емес АЖ өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ЭҮСШ арқылы ғана мемлекеттік органның АЖ-мен интеграцияланады.
Интеграция кезінде сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес АЖ ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі бірлескен жұмыстар шартының болуы ескеріледі.
Мемлекеттік органның АЖ-ны мемлекеттік органның интеграциялық сервисіне қосу осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органның АЖ-ны мемлекеттік органның интеграциялық сервисіне қосу осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Уәкілетті орган мен сервистік интеграторды хабардар ете отырып, сервис иесінің немесе уәкілетті органның сұратуы бойынша оператор сервиске өзгерістер енгізеді немесе оны сервистер тізілімінен алып тастайды.