Осы редакция 2019 жылғы 12 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен 9-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
7-қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі
қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы, сондай-ақ оларды беру
қағидалары
(2019.19.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1 Тарау. Жалпы ереже
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы, сондай-ақ оларды беру қағидалары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 20-бабына сәйкес әзірленді.
2. Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің қызметтік куәлігі оның атыс қаруын, арнайы құралдарын тасуға және сақтауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерге ұсынылған өзге өкілеттіктерге құқығы барын растайды.
ҚР Қаржы министрінің 2018.05.11. № 966 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.19.02. № 121 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасы, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары (бұдан әрі - уәкілетті басшы) қол қойған қызметтік куәлік қаржы мониторингі органдарының барлық әкімшілік ғимаратына кіруге рұқсат береді.
ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу