«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 565 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 442-НҚ бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 64-НҚ бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес және «2023 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 987 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қазандағы № 917 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 565 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: