Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Алматы көшесі, 6мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 54«Нұр-ай» балабақшасы МКҚК-не карантин енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № ПГСВ-199 Қаулысы
Нұр-Сұлтан қаласының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 59 Қаулысымен күші жойылды
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Қ. Пралиева, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1, 21, 148, 150 және 152-баптарына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37- БМСД қаулысына (бұдан әрі- ҚР БМСД № 37-БМСДҚ) сәйкес,«Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 38-БМСД қаулысы, «Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 6 маусымдағы № 39-БМСД қаулысы «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығы негізінде қызметкерлер арасында COVID-19 жағдайларының анықталуына байланысты және COVID-19 инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Алматы көшесі, 6 мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 54 «Нұр-ай» балабақшасы МКҚК-не (бұдан әрі-Балабақша) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен карантин енгізілсін.
2. Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданының әкімдігіне (Б.О.Жакенов) және № 54 «Нұр-ай» балабақшасының меңгерушісіне (З.М. Иманбаева):
2.1.инфекция жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған балабақшасының қызметкерлеріне COVID-19 полимеразды тізбекті реакцияға зертханалық зерттеулер мен үй-жайларды қорытынды дезинфекциялық өңдеу бойынша іс-шараларды жүргізе отырып, 14 күн мерзімге карантинге арналған балабақшасының жабылуын қамтамасыз ету;
2.2. Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бақылауымен балабақшаның үй-жайларында және оған іргелес аумақта санитарлық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізсін.
3. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысына (Е.С.Саденов) адамдардың балабақша бөлмелеріне кіруіне жол бермеу мақсатында № 54 балабақшаның тәулік бойы күзетілуін қамтамасыз ету.
4. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы (С. Д. Кисикова) қамтамасыз етсін:
4.1. COVID-19 симптомдары бар науқастарды, сондай-ақ симптомсыз тасымалдауы бар және тұру мен оқшаулау үшін санитариялық-гигиеналық жағдайлары жоқ адамдарды инфекциялық стационарға жатқызу;
4.2. өмір сүру үшін ең төменгі санитариялық-гигиеналық жағдайлар болған кезде жұмыс орны бойынша COVID-19 науқастарымен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды үй карантині жағдайында оқшаулау;
4.3.№37 БМСДҚ сәйкес үй карантинінің сақталуын бақылау (№38, №39, №40 толықтыруларымен);
4.4. 14 күн ішінде жақын қарым-қатынаста болған адамдарды медициналық бақылау кезеңінде COVID-19 жоққа шығармайтын ауру белгілері бар адамдар анықталған кезде провизорлық стационарға жатқызу;
4.5. кәмелетке толған отбасы мүшелерінен үй карантин шарттарын сақтау міндеттемесі туралы қолхат толтыру және қабылдау.
5. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалымен (Т.Қ.Тұңғышбаев) № 54 «Нұр-ай» балабақшасының меңгерушісіне (З.М. Иманбаева) бірлесіп қамтамасыз ету:
5.1. жақын жанасушылардан биологиялық материалды іріктеу және оны биоқауіпсіздік шараларын сақтай отырып, «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығы» филиалының вирусологиялық зертханасына жеткізу, зерттеу нәтижелерін 12 сағат ішінде Департаментке ұсынуды;
5.2. балабақша бөлмелеріне және оның маңындағы аумақтарына қорытынды дезинфекция жүргізуді.
6.Қала әкімдігінің ішкі саясат басқармасына (Т. А. Рахманберді) осы қаулыны барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
7.Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы (Ш.М.Кадырова), Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысына (А.С. Құрбанов) осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
8. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігері | Ж. Пралиева |