Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 203 бұйрығы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 12 апреля 2024
Статус
Утратил силу
утратил силу с 13 июня 2025

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 203 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 6314 болып тіркелген) мынадай өзгерiстер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімі - қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған.

Бұл кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды:

1010 - «Кассадағы ақша қаражаты», мемлекеттік мекеме кассасындағы ақша қаражатының бар-жоғын және қозғалысын есепке алуға арналған;

1020 - «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты», мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған;

1030 - «Есеп айырысу шоты» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі - СІМ) Қазақстан Республикасының елшіліктері және өзге де ұйымдар алған ақша қаражатын есепке алуға арналған;

1040 - «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ)» мемлекеттік мекеменің, жергілікті өзін-өзі басқарудың қайырымдылық көмектен алынатын, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастыру ақшасы бойынша, жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша қаражатын, республикалық және жергілікті бюджеттерге, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді есепке алуға арналған. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами