Введите номер документа
Прайс-лист

Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығына 2-қосымша) (2020.20.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 26 марта 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 июля 2021

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 26 наурыздағы

№ 331 бұйрығына 2-қосымша

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 434-НҚ бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020.20.02. № 30-НҚ бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы
декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою
қағидалары

(2020.20.02. берілген өзгерістермен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және 40-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларациялар тіркеулерінің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

2) сәйкестік туралы декларация ‒ дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

3) сәйкестікті растау ‒ нәтижесі объектінің техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;

4) сәйкестікті растау саласындағы құжат ‒ сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы, беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами