Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы 22 тамыздағы
№ 175 қаулысына 7-қосымша
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 36 Қаулысымен күші жойылды
«Жедел медициналық көмек көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Жедел медициналық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау субъектілерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бекітілген «Жедел медициналық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардыңнәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: жедел медициналық көмек көрсету («Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 15473 тіркелген) бекітілген жедел медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті мәліметтер болуы рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме болып табылады.