«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 256-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) суаратын су беру бойынша көрсетілетін қызметтер - су көзінен (өзен, суландыру жүйесі, сутаратқыш, субөлгіш, жерлерді суаруға арналған жерасты сулары (бұдан әрі - жерасты сулары)) су алу, сутартқыштар (каналдар, құбыр жолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу жолымен су беру және су бөлу нүктелеріне және АШТӨ-лердің жайылма танаптарына су беру, ылғалдандыру суаруын жүргізуге, сондай-ақ сортаңданған топырақты шаюға;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.
Субсидиялар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайын мынадай бағыттар бойынша беріледі:
1) АШТӨ су беру бойынша;
2) жерасты суларын пайдалану кезінде АШТӨ үшін электр энергиясының құнын арзандату.