«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 508-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 145-НҚ бұйрығы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 508-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
орыс тіліндегі тақырыпқа өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі тақырып өзгермейді;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Департаменттің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыра даңғылы, 33.»;
15-тармақта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: