Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 505-2004 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Cұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) «Астана қаласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 тамыздағы № 11-1383 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 936 болып тіркелді, 2015 жылғы 5 қыркүйекте № 98 (3321) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 5 қыркүйекте № 98 (3303) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды);