Введите номер документа
Прайс-лист

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 90 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 7 марта 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 13 марта 2024
Дата последнего изменениячетверг, 7 марта 2024

 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 7 наурыздағы № 90 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджетте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бағыттарға сәйкес жүзеге асырылады.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Субсидиялар алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

Электрондық шот-фактура электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден (бұдан әрі - ЭШФ АЖ) СМАЖ-ға өтінім бергенге дейін ЭШФ АЖ-да контрагентті растай отырып, «сұрақ-жауап» режимінде сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін электрондық шот-фактураны пайдалануды растау кезінде ЭШФ АЖ-да автоматты түрде бұғатталады).

Ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) субсидияларды алмаған (мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін электрондық шот-фактураны пайдаланбаған) жағдайда, ауылшартауарөндірушінің (ауылшаркооперативінің) өтініші бойынша басқарма басшысы СМАЖ арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық шот-фактураларды бұғаттан шығаруды жүзеге асырады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами