Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 3 тамыздағы № 301 бұйрығы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 3 августа 2018
Статус
Утратил силу
утратил силу с 17 августа 2021

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 3 тамыздағы № 301 бұйрығы

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қондырғы паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 122-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8496 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 23 қазанда жарияланған) бұйрығына:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қондырғы паспортының нысанында:

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 94-2-бабына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын квоталау жөніндегі талаптарына түсетін қондырғылар операторлары.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Қондырғы операторы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (бұдан әрі - ТАӘ) __________________________»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Парниктік газдар шығарындыларына квоталар көлемін алуды негіздейтін есептеулер*.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Расталды __________________________________________________;

1) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның толық атауы, БСН;

2) аккредиттеу туралы аттестаттың нөмірі және мерзімі;

3) валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның заңды мекенжайы;

4) телефон, факс;

5) электрондық пошта;

6) верификацияға жауапты адамның ТАӘ;

7) мынадай көлемдегі: ___________________________________________ тонна көміртегі қос тотығы парниктік газдар шығарындылары;

_______________________ тонна көміртегінің қос тотығына тең келетін парниктік газдар жалпы шығарындыларын растау*;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами