Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «КЕРНЕУІ 220 КИЛОВОЛЬТ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДЫ ЖӨНДЕУГЕ...

Информация о документе
Датапятница, 6 января 2017
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 6 января 2017

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 6 қаңтардағы

№ 2 бұйрығына

6 қосымша

 

Осы редакция 2021 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Кернеуі 220 киловольт қосалқы станцияларды жөндеуге арналған материалдар мен бұйымдар шығысының нормаларын есептеу

әдістемесі

 

 

1 бөлім. Жалпы ережелер

 

1. Кернеуі 220 киловольт қосалқы станцияларды жөндеуге арналған материалдар мен бұйымдар шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Материалдар мен бұйымдардың шығын нормалары материалдар мен бұйымдарға дәйекті сұранымдарды құру және ұйымның құрылымдық бөлімшелері арасында бөлу негізінде энергетикалық кәсіпорынның техникалық базасын қалыптастыру үшін арналған.

3. Аталмыш Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) энергияны беретін ұйым - электрлік немесе жылу энергияларын беруді келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын ұйым;

2) тұтынушы - электрлік және (немесе) жылу энергияларын келісім-шарт негізінде қолданатын жеке немесе заңды тұлға;

3) қосалқы станция - электр энергиясын түрлендіру мен таратуға арналған және трансформатордан немесе энергияның басқа да түрлендіргіштерінен, тарату құрылғыларынан, басқару құрылғылары мен қосымша құрылыстардан тұратын электр қондырғысы.

 

 

2 бөлім. Қолданылу саласы

 

4. Электр желілерін және соның ішінде қосалқы станцияларды пайдалану процесінде жабдықтың сенімді жұмысқа қабілетті жағдайын қамтамасыз ету үшін энергия объектісіне материалдар мен бұйымдардың шығын мөлшерлерін бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.

5. Әдістеме 6/10/35/110/220 киловольт (бұдан әрі - кВ) кернеудегі қосалқы станциялар үшін ұсынады.

6. Материалдар мен бұйымдардың шығын нормаларын есептеуге арналған жабдық тізімі энергетикалық ұйымның, жабдықты дайындаушының техникалық құжаты негізінде әзірленеді.

7. Жабдық тізімін құруда трансформаторлық қосалқы станциялардың кернеуіне байланысты топтарға бөледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами