«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 11-1-2/192 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2026 жылғы 15 қазандағы № 11-1-4/573 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 11-1-2/192 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13781 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi туралы ереженің 15-тармағы 88) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеу тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) БАҚ - мерзімді баспа басылымы, теледидар, радиоарна, интернет-басылым;
2) өтiнiш берушi - шетелдiк БАҚ-ның өкілдігін немесе оның журналистерін Қазақстан Республикасында аккредиттеуге өтініш беруші шетелдік БАҚ-ның уәкілетті адамы;