Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 31 тамыздағы № 589 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 611 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37146 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2) «e-Тамға» сервисі - оператордың тіркеуші цифрлық жүйесінде іске асырылған, ол арқылы автоматтандырылған бақылау жүргізілетін, оператордың арнайы цифрлық сервис түріндегі цифрлық жүйесі»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпараттық хабардар ету хабарлама орындалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қысқа мәтіндік хабарлама түрінде «цифрлық үкіметтің» веб-порталы, «цифрлық үкіметтің» мобильдік қосымшасына және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына жіберіледі.»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық хабарлар алу үшін пайдаланатын цифрлық сервистерді, оның ішінде мобильді телефон нөмірін және (немесе) электрондық поштаның мекенжайын көрсетеді;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. ЭШФ-ға тіркеу нөмірін беру кезінде салық шотының деректері ескеріледі.
ЭШФ, ТІЖ, тауарларға арналған декларациялар, тауарларды әкелу және жанама салықтарды және төлемдерді төлеу туралы өтініштер туралы ақпарат «e-Тамға» сервисіне мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық жүйелерінен (бұдан әрі - МКО ЦЖ) деректерді берудің стандартты хаттамаларын пайдалана отырып, интеграциялық сервистер арқылы синхронды режимде беріледі.»;
11-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: