Павлодар облыстық әкімдігінің 2017.14.11. № 352/6 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.14.08. № 247/2 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 145/5 қаулысымен
бекітілді
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 30/1 Қаулысымен күші жойылды
«II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.14.08. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 301 бұйрығымен бекітілген «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша II, III және IV санатты объектілердің мемлекеттік экологиялық сараптамасының қорытындысын немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында «жеке кабинетке» жолданады.