Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 151/13 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын-үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 12 мамырдағы № 318/23 шешiмi
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын-үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 151/13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7750-15 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1- қосымшасының:
7 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қызмет алушы (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және/немесе «электрондық үкімет» веб - порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Қағидалардың 1- қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда)
жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алынатын алименттер туралы мәліметтер;
банктік шот;