«Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 4-6/181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 455 бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 136 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттiк мекеменiң көрсетiлетін қызметтердi өткiзу бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсету және оның көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 4-6/181 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10618 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 70-бабы 2-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;