Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016.19.02. № 69 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 162 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 55 Қаулысымен күші жойылды
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.18.04. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары, аудан (облыстық маңызы бар қала), аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация»;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov. kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018.18.04. № 180 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)