Осы редакция 2019 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2017.24.02. № 37 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 71 қаулысына
13-қосымша
«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.24.02. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу үшін порталға өтініш берген кезде:
көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік емес облигацияларды (бұдан әрі - облигация) шығаруды күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қарауға тиіс;
көрсетілетін қызметті беруші облигациялық бағдарламаны күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарауға тиіс;
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын күнтiзбелiк 14 (он төрт) күн iшiнде жүзеге асырады;
көрсетілетін қызметті беруші қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қарауға тиіс;