«Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 315 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 29 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
Әкімдіктің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 315 қаулысымен бекітілген
«Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы
жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
3. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.