«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 15 шілдедегі № 280 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықтың 2-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:
3-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктер, еншілес ұйымдар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, кредиттік серіктестіктер және микроқаржы ұйымдары инвестицияларға не жаңартылатын негізде қаржыландыруды қоса алғанда, инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беретін, бұл ретте айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 50 (елу) пайызынан (бұдан әрі -%) аспайды;»;
4-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) кепілдік мерзімі - ұзарту мүмкіндігімен кредиттік шарт мерзімінің 5 (бес) айынан асатын мерзім;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кепілдік мөлшері - негізгі борыш сомасынан 85 (сексен бес) %-ға дейін (қоса алғанда), бірақ осы Қағидалардың 5-тармағын қоспағанда, 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайды».
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: