Введите номер документа
Прайс-лист

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 29 мамырда)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 29 мая 2019
Статус
Действующийвведен в действие с 28 октября 2021
Дата последнего изменениясреда, 29 мая 2019

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы

ХАТТАМА

(Нұр-Сұлтан, 2019 жылғы 29 мамырда)

 

ҚР 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 65-VII Заңымен ратификацияланды

2021 жылғы 28 қазанда күшіне енді

 

Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 82-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында,

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық Экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған шартқа 3-қосымшаның 64-тармағын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 21-қосымша болып табылатын Баға белгілеу мен тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1. 1-бөлім мынадай мазмұндағы 1.4-тармақпен толықтырылсын:

1.4. Армения Республикасының аумағында.

1.4.1. Армения Республикасының электр энергетикалық жүйесі (бұдан әрі - Армения ЭЭЖ-і) бойынша МАБ-тың жылдық болжамды көлемін МАБ-ты жүзеге асыруға уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Армения Республикасының жүйелік операторы) өтінім негізінде айқындайды.

1.4.2. Алдағы күнтізбелік жылға арналған өтінім алдыңғы жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмей беріледі. Өтінімде МАБ-тың жылдық көлемі айлар бойынша бөліп және Армения Республикасының шекарасында электр энергиясын қабылдау және беру нүктелері белгілене отырып көрсетіледі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами