«Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесін және Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 20-01-38.3 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысының 2023 жылғы 6 мамырдағы № 23-01-38.22 бұйрығы
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2026 жылғы 11 қазандағы № 26-01-38.29 бұйрығымен 2026 ж. 21 қазаннан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесін және Бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелілігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 20-01-38.3 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есепті жыл ішіндегі жалпы елдегі прогресс индексін есептеу әдістемесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресс индексін есептеу нәтижелілікті бағалаудың бір бөлігі болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымын (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымы) тарта отырып, оның әдіснамалық, талдамалық және ұйымдастырушылық сүйемелдеуі кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Ұлттық және халықаралық көрсеткіштер бойынша деректерді жинау мен қалыптастыруды Жоғары аудиторлық палатаның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. ЭЫДҰ елдеріне қатысты Қазақстан Республикасының жалпы елдегі прогресінің қорытынды индексі мынадай формула бойынша есептеледі:

мұнда: