Введите номер документа
Прайс-лист

«Қантты кондитерлік өнімдер мен какао ұнтағын өндіру» кәсіптік стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 477 бұйрығына 1-қосымша)

Информация о документе
Датапятница, 19 декабря 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 24 декабря 2025
Дата последнего измененияпятница, 19 декабря 2025

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2025 жылғы 19 желтоқсандағы

 № 477 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Қантты кондитерлік өнімдер мен какао ұнтағын өндіру»

кәсіптік стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Қантты кондитерлік өнімдер мен какао ұнтағын өндіру» кәсіптік стандарты «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және кондитерлік өнімдерді, оның ішінде шоколадты, карамельді, вафельді және басқа да қантты өнімдерді, сондай-ақ какао ұнтағын өндірумен айналысатын жұмыскерлердің еңбегін және кәсіптік қызметін ұйымдастыру саласында қолданылады. Бұл стандарт жұмыскерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды регламенттейді, олардың міндеттерін, құқықтарын сипаттайды, сондай-ақ осы саладағы кәсіби функцияларды тиімді және қауіпсіз орындау үшін қажетті білім, дағды және машықты белгілейді. Ол өндірістің— шикізатты сатып алудан бастап дайын өнімді шығаруға дейін, сондай-ақ өнім сапасын бақылау, қаптау және сақтау үдерістерін қоса алғанда барлық кезеңдерінде қолданылады

2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) Білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

2) Дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

3) Какао майы - құрамында май қышқылдары бар какао бұршақтарынан немесе какао бұршақтарының құрамдас бөліктерінен алынған май қышқылдары триглицеридтері мен ілеспе заттардың қоспасы;

4) Какао ұнтағы - құрамында 12-20 % какао майы және 7,5 %-дан аспайтын ылғал бар ұсақ ұнтақталған, жартылай майсыз үгітілген какаодан жасалған кондитерлік өнім;

5) Карамель - ылғалдың массалық үлесі 4%-дан аспайтын шикізат пен тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің басқа түрлерін қосып немесе қоспай, қант пен сірненің қайнатылған қоспасы негізінде карамель массасынан жасалған құйылған қантты кондитерлік өнім;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами