«Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 наурыздағы № 115 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36002 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларында:
3-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) цифрлық объект «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы (бұдан әрі - Цифрлық объект) - Заңда айқындалған тәртіппен ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою Цифрлық объекті арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
5. Тұрғынжайға мұқтаждарды Цифрлық объектіге есепке қою үшін көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы Көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында авторландырылады және өзінің өтінім берілетін жеке кабинетін ашады.»;
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: